Қазақстанда 1,2 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1,2 мың адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат індеттің таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

10 мамырдағы дерекке сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 243 адам (–492+ және 751 КВИ-) ем қабылдауда, оның ішінде – 76 пациент стационарда, 1 167 науқас – амбулаториялық деңгейде.

Коронавирус (КВИ+) және коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққандар арасында:

- 10 адамның жағдайы ауыр;

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар