+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақстанда 1,2 млн ПТР-тест сатып алу үшін 1 млрд теңге бөлінді

2020 жылғы 30 маусым 11:49
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 1,2 млн ПТР-тест сатып алу үшін 1 млрд теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет 1,2 млн ПТР-тест тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ПТР-тест құны сатып әкелінген бағасынан неге қымбат – министрлік жауап берді Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты ПТР-тесті жаппай тапсырудың керегі жоқ - маман пікірі

«Елде өкпені компьютерлік томографиядан өткізу жағынан үлкен кезектер пайда болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 135 томограф бар. Пневмонияны сонымен бірге арзанырақ әрі қолжетімді цифрлық ренгтгент аппараттар арқылы анықтауға болады. Диагностиканың бұл әдістемесі COVID-2019 бойынша ем-дом клиникалық хаттамасына енгізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі нарықта отандық өндірушілер де шығарған бірнеше диагностикалық тест барын атап өтті.

«Үкімет 1,2 млн тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Тесттер қоры әрдайым толығып отырады. Тесттер жақын арада түседі. Қазақстанда қазіргі таңда 46 диагностикалық зертхана бар. Нұр-Сұлтан қаласында ғана күніне 10 мың тест жүргізуге болады. Зертханалардың қуаттылығын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатып алу жоспарланып отыр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT