11:23, 01 Қазан 2022 | GMT +6
Қазақстанда 1,1 мың науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 қазандағы ақпарат жарияланды.
Соңғы мәлімет бойынша, 1 276 адам коронавирус инфекциясынан (–1 150+ және 126 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 134 пациент стационарда, 1 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.