Қазақстан жыл соңына дейiн ақшыл мұнай өнiмдерiне экспорттық кедендiк бажды арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Мәжілісі «2019 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама 2013 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеуде жасалған болатын.

Хаттаманың негізгі мақсаты Қазақстанның 2012-2013 жылдар аралығында Ресейге мұнай жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауды аяқтап, Павлодар мұнай-химия зауытын ресейлiк мұнаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР-ның iшкi нарығын тұтынуды жабуға қажеттi мөлшерде Ресейде өндiрiлген жоғары октанды бензиндермен және авиакеросиндермен үздiксiз қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға жеткiзiлген мұнай өнiмдерi үшiн Ресейге мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.

Хаттамаға сәйкес, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасына әкелiнген мұнай өнiмдерi үшiн Ресей Федерациясына мұнай жеткiзу тәртiбi Қазақстанға әкелiнетiн мұнай өнiмдерi үшiн Ресей Федерациясына мұнай жеткiзу әдiстемесiмен белгiленген. Сонымен қатар, хаттаманың ережелерiне сәйкес, Қазақстан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ақшыл мұнай өнiмдерiне экспорттық кедендiк баждарды арттырады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге ақшыл мұнай өнiмдерiнiң әкетiлуiне тыйым салынады. Ал Ресей Федерациясы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан жеткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне кедендiк декларациялауды белгiлейдi және Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан қошқыл мұнай өнiмдерiн әкелуге тыйым салады.

Соңғы жаңалықтар