Қазақстан журналистикасы енді ғана тәуелсіз болып қалыптаса бастады - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылардың бүгінгі кездесуінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Соңғы 25 жылда Қазақстан журналистикасының келбеті қалайша өзгерді?" деген сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Шыны керек, дәл қазір бұл сұраққа бір сөзбен жауап берген қиын. Менің ойымша, бүгінде біздің журналистикамыз енді-енді тәуелсіз журналистика болып қалыптасып келеді. Сондай сана-сезім енді жетіліп келе жатыр. Біздің журналистикамыз әлі өз орнын тапқан жоқ деп ойлаймын. Бұл үрдіс енді ғана қарқын алып келеді. Жақын арада бір жағына шығады деген ойдамын. Қазір Қазақстан журналистикасы заман талабына сай, жан-жақты, нағыз Тәуелсіздікке сай журналистика болып қалыптасып келеді", - дейді Д.Абаев.

Айта кетейк, бұған дейін министр ақпараттық қауіпсіздікке қатысты өз ойын білдірді. Оның ойынша, Қазақстанның қазіргі ақпараттық қауіпсіздігінің бір осал тұсы ол - таза шетелдік арналарды көрсететін спутниктік табақтар. 

Соңғы жаңалықтар