Қазақстан журналистерінен ақша бопсалаған тәжік милиционерлері жұмыстан кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан журналистерінен ақша бопсалаған және сосын фейсбуктегі атышулы посттың «батырлары» болған тәжік милиция қызметкерлері жұмыстан босатылды.

Жұмыстан шығарылған милиционерлер қызмет еткен бөлімше басшысына сөгіс жарияланды.

«ІІМ басшылығы ескерткіштер, қаланың көрікті жерлері, туристік аймақтарда қызмет ететін барлық басқа да милиция қызметкерлерінің туристермен жұмысын тексеруді тапсырды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали.

Өткен апта соңында Душанбеге сапарынан кейін Фейсбукке жазған қазақстандық журналист Бақытжан Бұқарбайдың посты шулы оқиғаға айналды. Журналист кезекті рет біздің астананың оғаш келбетін көрсетті. Бұл оқиға Исмоил Сомонидің ескерткішінің маңында орын алды.

«... Исмоил Сомони монументі орналасқан алаңда адам болмады. Біз сатымен жоғары көтерілдік, сол кезде жерге матрац төсеп, ашық аспан астында қалғып-мүлгіп отырған милиционерлердің үстінен түстік. Олар бесеу болды. Аяқтары жалаң аяқ. Бізді, қазақ туристерін көрді де, орындарынан тұрып, шұлықсыз туфлилерін киіп алды. Олар бір-бірлеріне қарап, жасанды жымыңдап, бізді қарсы алды, бірақ пейілдерінде еш жылылық байқалмады. Біздің жоғары көтерілуімізді сұрап, субұрқақ, кітапхана жақты көрсетті, біздің қалауымыздан тыс бір-екі түсірілім жасады. Тәжік милиция қызметкерлері тым мазаң екен», - деп жазды Бақытжан Бұқарбай.

«Өз телефонымды алып қойған едім, біреуі маған қарай жақындап келеді. Мен телефонымдағы түсірілімдерді қарап тұрдым, бір келеңсіз жайттың орын алатыны сезіліп тұрды...»

«Бүгін менің туған күнім», - деп бастады сөзін милиционер.

«Құттықтаймын» - дедім мен.

Біраз үнсіздік орнады.

«Жоқ, бүгін менің туған күнім деймін», - деді ол.

Бүгін мен экскурсия жетекшісі боламын, ол үшін ақы төлеу керек.

«Ақша жоқ», - дедім мен қаумалап кететін сыған қайыршыларына жауап бергендей.

«Сараңсың ба, не?» - деді тәртіп сақшысы.

«Ақша жоқ», - дедік Нұргелді екеуміз қосарлана сөйлеп.

«Сомони бар ма?»

«Жоқ!»

«Онда теңге бер!»

«Теңге де жоқ».

«Онда кетіңдер бұл жерден», - тәжік тәртіп сақшысы бізді алаңнан қуа бастады. Аман-есен құтылғанымызға шүкір дедік.

Мұндайды еш уақытта көрмеппіз. Оларға мундирдің намысы туралы ешкім көптен бері айтпаған сыңайлы.

Соңғы жаңалықтар