Қазақстан «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде 79 орынға шықты

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Қазақстан елдің «жұмсақ күшінің» сыртқы әлемге ықпалын бағамдайтын жаһандық рейтингіде 121 елдің ішінде 79 орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал Азия елдерінің ішінде Қазақстан 12 орында тұр. Орталық Азия елдерінің арасында көш басында.

«Жұмсақ күш» жаһандық рейтингі мемлекеттердің мәжбүрлеп немесе күш көрсету, көндіру арқылы емес сендіру арқылы ықпал ету деңгейін көрсетеді. Осы арқылы елдің сыртқы әлемдегі абыройы мен ықпалы есептеледі.

Рейтингтің көш басында АҚШ; Ұлыбритания және Германия тұр. Азия елдерінің арасында Жапония үздік. Ал араб әлемінде Біріккен Араб Әмірліктері алда тұр.

Brand Finance консалтинг компаниясы түзетін бұл рейтинг 121 елдегі 100 мыңнан кем емес адамға сауалнама жүргізу арқылы жасалады.


Соңғы жаңалықтар