Қазақстан жұлдыздары халыққа видеоқұттықтауларын сата бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның шоу-бизнес жұлдыздарына бейнеқұттықтауларға тапсырыс беруге болатын Imbra қосымшасы пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қосымшаны кез келген адам «Play Maркет»-тен жүктей алады. Тіркеуден өткеннен кейін ұнаған жұлдызды таңдайды, кейін ақшасын онлайн жүйемен төлеп, құттықтауға тапсырыс береді. Құттықтаулар құны 5 мыңнан 100 мың теңгеге дейін. Мәлім болғандай, қызмет ақысының 30 пайызын Imbra әкімшілігі, қалған 70 пайызын жұлдыз алады.

Шоу-бизнес өкілдерінің бейнеқұттықтау құны олардың ел арасындағы танымалдылығына байланысты. Не дегенмен, ақыны жұлдыздардың өздері қояды екен. Мысалға, Мәдина Сәдуақасова 15 секундтық құттықтау үшін - 50 мың, ал 30 секунд үшін 100 мың теңге сұрап отыр. МС Сайлаубектің 15 секундтық құттықтауын тыңдағыңыз келсе - 15 мың, ал 30 секунд үшін 30 мың теңге төлейсіз. Нұрлан Абдуллин, Карина Абдуллина, Әли Оқапов, Тәуекел Мүслім 15 мың және 30 мың сұрайды, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болса 15 минуттық ролигін 40 мың, 30 минуттығын 500 мың теңгеге бағалап отыр.

Тапсырыс берушілерге алғашқы құттықтауларын Кентал, Нұрлан Абдуллин, Дильназ Ахмадиева, Серік Сәпиев, Санжар Мадиев, Әли Оқапов, Карина Абдуллина және тағы басқалар жіберіп үлгерді. Бейнероликтің кретивті болуы әр жұлдыздың қиялына байланысты. Мысалға, әнші Кентал Гүлмира есімді тапсырыс берушіге құттықтауын полиция қызметкерінің киімінде көлік жүргізіп келе жатып түсірген.

Оригинальное видео-поздравление от @kentalkz. Скачивайте приложение для iOS и Android по ссылке в профиле для заказа видео-поздравлений от КЗ звезд #imbra #imbraofficial #getimbra

Видео опубликовано Imbra (@imbraofficial) Дек 5 2016 в 8:48 PST

Қосымша көмегімен сондай-ақ келесі жұлдыздардың видеоқұттықтауларына тапсырыс беруге болады: Алтынай Жорабаева, All Давай тобының мүшесі Шоқан Маратұлы, Мұрат Мұтырғанов, Жұбаныш Жексенұлы, «Дершиви» тобы, Жан Байжанбаев, Нұрлан Қоянбаев, Әділ Лиян, Диас Аблаев, Айсұлу Әзімбаева, Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев, Дәуіт Шайхисламов, Артур Төлепов, RinGo тобы, MEZZO тобы, Рахат Тұрлыханов, Сүндет Байғожин, Ғалымжан Молданазар, Жасын Қанбаев, Жантемір Баймұхамедов (Жантик), Сырымтай Еңсепов және көптеген тағы басқалары.

Пример видео-поздравления от @aliokapov. Скачивайте приложение для iOS и Android по ссылке в профиле #imbra #imbraofficial #getimbra

Видео опубликовано Imbra (@imbraofficial) Дек 4 2016 в 9:47 PST

Еще один пример видео-поздравления. На видео любимый всеми @nurlanabdullin_amure. Скачивайте приложение для iOS и Android по ссылке в профиле #imbra #imbraofficial #getimbra

Видео опубликовано Imbra (@imbraofficial) Дек 2 2016 в 3:34 PST

Соңғы жаңалықтар