Қазақстан жолы халықтың және елдің нағыз күш-жігерінің мән-мағынасын айқындап берді - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан жолы халықтың және елдің нағыз күш-жігерінің мән-мағынасын айқындап берді.  Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументінің алдында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты әскери шеруде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл дегеніміз, бірлік пен келісім, бекем саяси еркіндік және даму стратегиясы басымдықтарын айқын түсіну. Сондықтан еліміздің басты мерейі - ол жаңа Қазақстан рухының жаратылуы. Бұл өзгерістер мен болашаққа талпыну рухы. Біздің мемлекеттігіміздің мақсаты мен мағынасында өскелең және қуатты Қазақстан маңызы ескеріліп отыр», -деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар