Қазақстан жолдарында Жапонияның қардан қорғайтын қоршаулары салынуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері Токио қаласына жасаған жұмыс сапарының аясында Жапонияның автомобиль жолдарындағы заманауи қардан қорғайтын қоршаулардың дайындалуы және қолданылуымен танысып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қоғамның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс сапарының барысында қоғам өкілдері тросты қоршауларды дайындаумен айналысатын «Цучиура Tokyo Rope» зауытына барып, сондай-ақ Токио және Джобан автобандарымен танысты. Қазақстандық қонақтарға жапондық компанияның технологиясы мен өнімдері қолданылып салынған, қардың жол үстіне жиналмай, асып кетуіне мүмкіндік беретін қоршаулардың конструкциялық ерекшелігі таныстырылды.
null 

Темірарқанды қоршаулар Қазақстанда қолданылуы үшін олардың техникалық тәртіпке сәйкес келуі міндетті шарт болып табылады. Арқандар қолданылатын қоршаулар Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігінің зертханасында жүргізілген сынақтар барысында ұсынылған нормативтермен реттеледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты қардан қорғайтын қоршауларды жасап шығару келісілген.
null 

«ҚазАвтоЖол» өкілдері Токиода «Техно-жәрмеңке 2018» жол өнімдері көрмесіне де барды.

Жұмыс сапарының соңында «ҚазАвтоЖол» TOKYO ROPE INTERNATIONAL INC компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

null 

Соңғы жаңалықтар