Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер елдердің қатарында

2019 жылғы 11 шілде 16:07 1473
Бөлісіңіз:
Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер елдердің қатарында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер елдердің қатарында тұр. Бұл туралы бүгін автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол салу кез келген мемлекет үшін өте маңызды. Сондықтан біз де оған үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Бүгін барлық проблемаларды талқылап, тиісті шешімдерге келеміз деп үміттенемін», - деді жиынды ашқан Олжас Бектенов.

Оның дерегінше, 2018 жылдың қорытындысында әлем елдерінің автомобиль жолдарының сапасы рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 106 орынға тұрақтаған. Бұл өте нашар көрсеткіш, аутсайдерлік позиция саналады.

«Оған белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлық себеп болып отыр. Соңғы 3,5 жылдың ішінде жол құрылысы саласында шамамен 100 жемқорлық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Сотталғандардың қатарында «ҚазАвтоЖолдың», жергілікті атқарушы органдардың «Облжолзертханалар»  базасында құрылған Жол активтерінің сапа орталығының лауазымды тұлғалары және өзге де құрылымдардың өкілдері бар. Күні кеше ғана БАҚ-тан көрдіңіздер, «ҚазАвтоЖолдың» Павлодар филиалының және Жол зертханасының басшыларына үкім шықты», - деді ол.

О.Бектеновтың атап өтуінше, жол құрылысы саласындағы жемқорлық негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара берумен, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаумен және әкімшілік шаралар қолданбаумен, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар барысында ақша қаражаттарын ұрлаумен байланысты болып отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT