Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін – министр
2022 жылғы 5 шілде 10:29

Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен (тасымалдаумен) айналысса, әрине, ондай келісімшарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады», - деді Өскенбаев.

Еске салсақ, Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінгені хабарланған болатын.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді.

Сонымен бірге ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT