Қазақстан «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын болады - Н. Назарбаев

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға дайын. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайда ҚХР Төрағасы Си

Цзиньпинмен келіссөздер барысында осылай мәлімдеді. «Қытай мен Қазақстан елдерінің арасындағы өзара байланыс негізі - экономикалық ынтымақтастық. Өздеріңіз білетіндей, 2013 жылдың қыркүйегінде Астанадағы Назарбаев Университетінің қабырғасында Сіз аса маңызды тарихи дәріс оқып - «Жібек Жолы экономикалық белдеуін» құруға бастама көтердіңіз. Қазақстан экономика, сауда, көлік, инвестиция, қаржы және мәдениет секілді салаларды қамтитын осынау ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастыруға белсенді қатысуға дайын», - деді Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Шанхайда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында.

«Университеттегі дәрісіңізде Сіз, осынау 5 ғаламат идеяны алға тарттыңыз, бұлар бізге түсінікті әрі жақын, ал олардың жүзеге асуы өңірде маңызды рөл атқарады. Сіз сонда: «Ғасырларға ұласқан достықты сақтап, бейбітшілік пен татулықта, тату-тәтті көршілер ретінде өмір сүруіміз керек» деп айттыңыз. Біз бұндай саясатты өмірге ұдайы енгізудеміз», - деп атап өтті Елбасы.

Соңғы жаңалықтар