Қазақстан жерді ғарыштан бақылайтын спутниктер шығарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жерді ғарыштан қадағалайтын спутниктер құрастырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Ғарыш саласындағы екінші бағыт – жерді қашықтықтан зондтау. Қазір ол бірнеше салада қолданылып отыр. Мысалы, былтыр 1 млн га пайдаланылмай жатқан жер осы технологияның көмегімен белгілі болды. Сондай-ақ, 217 заңсыз ағаш кесу фактісін, 4 млн га өрт ошағын, 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс орнын анықтадық. Мұның бәрі спутниктік технологиялар арқылы анықталады. 60 млрд теңгеге салынған зауытта жерді қашықтықтан зондтауға бағдарланған спутниктер шығаратын боламыз. Осы бағытта дамуға мүмкіндік бар», - деді Бағдат Мусин.

Еске салсақ, бұдан былай ХҚО қызметкерлері дербес деректерге арнайы кодпен ғана кіретін болды.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин қазақстандықтарға әлеуметтік желіге тіркелген кезде дербес деректерді бермеуге кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар