+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қазақстан жемқорлықпен күресте Орталық Азияда көш бастап тұр – Иордания елшісі

2021 жылғы 18 наурыз 12:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан жемқорлықпен күресте Орталық Азияда көш бастап тұр – Иордания елшісі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында қолға алынып жатқан іс-шараларға шет мемлекеттер қызығушылық танытуда. Соның бірі Иордания мемлекеті. Қазақстанның парақорлықпен күрес жолындағы тәжірибесіне қатысты Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Мустафа Абдельғани өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен біз таныспыз. Оның дәлелі халықаралық рейтингте Қазақстан 180 елдің ішінде 94 орынға ие болды. Яғни бұрынғыдан 9 позицияға көтерілген. Сыбайлас жемқорлықпен күресте Қазақстанды Орталық Азия елдерінің ішінде көш бастап тұр десек болады. Өз кезегінде Иордания бұл жаңалықты қуана қабылдайды», - деді Юсуф Мустафа Абдельғани «Antikor» алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сұхбат барысында белгілі болғандай, қазақстандық «AntikorNews» жобасы Иорданияда да жүзеге асырылып жатыр.

«AntikorNews» - өте қажетті жоба. Біздегі адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті осы жобамен танысып, қызығушылық танытып отыр. Яғни, өзара тәжірибе алмасу көзделуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасы жыл сайын жетілдіріліп отырады. Біз бұны БАҚ арқылы естіп-біліп отырамыз. Соның бірі сіздерде мемлекеттік қызметкерлерге сый-құрмет көрсетуге тыйым салынған. Сіздердегі тағы бір жаңалық, қол астындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін басшының тікелей жауап беруі немесе қызметінен кетуі», - дейді ол.

Сондай-ақ, елші жемқорлыққа қарсы күресте профилактикалық іс-шаралардың маңызына тоқтала келе, алдын алу шараларын мектептен бастау керектігін алға тартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT