Қазақстан Жазушылар одағы - жақсылықтардың жаршысы - А. Рысқұлов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты пленум болды. Қазақстандық қаламгерлер ұйымын мерейлі мерейтойымен құттықтауға алыс-жақын шетелдерден меймандар келді.

«Мен Қазақстандағы өзгерістерді жіті бақылап отырамын. Қазақ халқында кейінгі жылдарда саясатта, экономикада, әлеуметтік жүйеде, әдебиеті мен мәдениетінде болсын, түрлі ілгерілеушіліктер болып жатыр. Қоғамның ой-пікірі, тынысы жазушылардың қаламында. Қазақстан жазушылар одағы жақсылықтың жаршысы десек те болады. Бұған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлес ұшан-теңіз деп ойлаймын. Ол тек қана қазақ елінің көшбасшысы емес, әлемдік деңгейдегі беделді тұлға», - деді Қырызстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР-ның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ақбар Рысқұлов. Қырғыз елінің өкілі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен бірлік туралы да айтып өтті. «Мен өз тағдырымды 1990 жылдың ортасынан бастап Қазақстанда өткіздім. Қырғыз елшілігі Қазақстанға алғашқылардың бірі болып келді. Қазіргі Астана, бұрынғы Ақмолада біздің қырмызы туымыз, қазақтың көк байрағымен бірге көтерілген болатын. Демек бұл да бірліктің нышаны деп ойлаймын. Содан бері қанша жақсылықтың, өзгерістердің куәсі болып келе жатырмын. Келешекте көздеген 2050 жылға қабылдаған жоспарлар толығымен жүзеге ассын деген тілектемін», - деді Акбар Рыскұлов. Сондай-ақ, айтулы мерекеге Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы, «Кардеш Калемлер» журналының бас редакторы Али Акбаш, Түркия Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, жазушы Илтер Йешилай, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының аударма бөлімінің меңгерушісі, аудармашы Ясемин Водабле, Халықаралық баталист және маринист жазушылар қауымдастығының басқарма хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Валерий Поваляев, «Литературная газетаның» бас редакторының орынбасары Максим Замшев, Татарстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Рафис Курбанов, Әзербайжан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ильгар Пашаев, Тәжікстанның халық жазушысы Мумин Каноат, Башқұртстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Спартак Ильясов, Қытай Халық Республикасы Этникалық тобының Бас директоры Иу Бинши арнайы келіп, шығармашылық ұйымына құттықтауларын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар