Қазақстан жастары неліктен жұмыссыз: Мәжіліс төрағасы себебін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин студент жастарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасу неліктен қиын екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, еңбекпен қамту саласында жеткен жетістіктеріміз көп. Бірақ  шешілмеген сұрақтар да аз емес. Ол біріншіден, өзін-өзі                          жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты. Мемлекет басшысы оларды есепке  алу, көлеңкелі аймақтан шығару туралы тапсырма берді. Бұл өз кезегінде Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар және депутаттық корпустың бірлесе жұмыс істеуін қажет етеді. Бүгінде біздің  депутаттарымыз «Халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау   туралы» заң жобасымен жұмысқа кірісті», - деп тоқталды Н. Нығматулин жұмыспен қамту мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау барысында.

Бұдан бөлек, Мәжіліс төрағасы бүгінде білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай болмай тұрғанын ескерді.

«Себебі кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды. Білім беру бағдарламалары да  қазіргі талапты толықтай орындамай отыр. Сол себептен, студент жастарға  оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген қажеттілік мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз. Ол - мемлекеттік тапсырысты дұрыс қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді», - деді Н. Нығматулин.

Оның атап өтуінше,  бүгінгі күні елімізде 7 миллионға жуық жұмыскердің жоғары және орта кәсіптік білімі бар. Ол жұмыспен қамтылған  барлық азаматтардың 79 пайызын құрайды. Бұл Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасы жоғары екенінің дәлелі.

Соңғы жаңалықтар