+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан жастар конгресі атқарушы директоры Президенттің алдағы Жолдауына қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 27 тамыз 16:26
Бөлісіңіз:
Қазақстан жастар конгресі атқарушы директоры Президенттің алдағы Жолдауына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қандай мәселелер көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдау бірінші кезекте әлеуметтік әрі экономикалық мәселелерге арналатынын білеміз. Әрине, барша әлемді коронавирус індеті шарпығанын ескере отырып, дағдарыстан шығу жолы, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты қолдау шаралары тұрғысында шешімдерді күтіп отырмыз. Бұл проблема бізде ғана емес, барша әлемде өзекті екені белгілі. Атап айтқанда, денсауық сақтау бөлігінде жағдай тұрақталып, оңтайлы үрдіс байқала бастағаны қуантады», - деді Т. Болысов.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде халықты білім беру саласы алаңдатып тұрғанын жеткізді.

«Осы орайда Президент бұл тақырыпқа байланысты нақты тапсырмалар береді деген ойдамын. Қоғам бұл саладағы барша мәселе бақылауда тұрғанын естігісі келеді. Сондықтан Қазақстанда білім беру саласында оңтайлы жобалар іске асырылып, жастар сапалы білім алып, өздерінің әлеуетін іске асырады деген пайымдамын», - деді «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT