Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Алдымен Михаил Мищенко тартысты бәсекеде қарсыласына жол берді – 4:6, 6:3, 3:6. Екінші ойында сингапурлық теннисшіні 6:4, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Шешуші, жұптық сында Михаил Мансұр Қазақстан құрамасына жеңіс әперді – 6:2, 6:3.

Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірінші ракетка болып тіркелген Аустралиямен кездеседі. Осы матчта қай команданың ширек финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің теннистен әлем чемпионатына іріктеу сатысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды.

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің ¼ финалына шықты.

11 рет қатарынан жеңіске жеткен Рыбакина алдағы матч та оңайға түспейтінін айтты.

Елена Рыбакина қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды.


Соңғы жаңалықтар