Қазақстан жасөспірімдер суицидінің алдын алуда оң нәтижелерге қол жеткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша Орталық Азияда нақты қадамдарға барған алғашқы ел. Осындай пікірімен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суицид - ғаламдық проблема. Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид көрсеткішін азайту мақсатында нақты қадамдарға барған ел. Қызылорда облысындағы пилоттық бағдарлама бойынша суицид көрсеткіші 3 жылда 4 есеге азайған. Енді бұл жобаны барлық өңірлерде енгізуге кірісіп жатырмыз. Біздің тәжірибеміз әлемдік ғылымға қосқан азды-көпті үлесіміз болып отыр», - деді Юрий Оксамитный. 
null  

Ал Швециядан келген сарапшы, Суицид пен психикалық ауруларды зерттеу ұлттық орталығының профессоры Владимир Карли бұл қадамға көбінесе қоғам қабылдамаған адамдар баратынын айтты.

«Суицид қоғамда стигмаланған тақырып. Ол туралы айту табу. Адамдар қорқады, қысылады. Адамды өз проблемасымен қалдырмау қажет. Адам қоғамнан көмек сұрайтын жағдай туғызу керек», - деді В.Карли.

Айта кету керек, Алматыда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту бойынша өткен конференция өтті. Алыс-жақын шетелден жиналған мамандар, сарапшылар осы бағыттағы ғылыми тәжірибелерімен, шешу жолдарымен бөлісті.

 

Соңғы жаңалықтар