Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дзюдодан Азия кубогінде көш бастады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дзюдодан Азия кубогінің екінші күні аяқталды. Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жарыста жасөспірімдерден кейін додаға жастар қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, еліміздің жасөспірімдер құрамасы 9 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлдемен медальдар кестесінде көш бастады.

Өзбекстан балуандары екінші, Моңғолия өкілдері үшінші орынға көтерілді.

Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 7 қоламен жалпыкомандалық есепте 2-орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, жастар арасындағы Азия кубогіне Гонконг, Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан құрамасының спортшылары қатысып жатыр.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан байрақты бәсеке 9 сәуірде мәресіне жетеді.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі мынадай:

Жасөспірім қыздар

-63 кг

1. Маралма Хурелчулуун (Моңғолия)

2. Жібек Жайсаңбай (Қазақстан)

3. Рухшона Беркінбаева (Өзбекстан)

3. Динора Егамберганова (Өзбекстан)

-70 кг

1. Сәулемай Сағитжан (Қазақстан)

2. Лизи Кварцхава (Грузия)

3. Муштарибегім Афсалова (Өзбекстан)

3. Анисса Ибатолла (Қазақстан)

+70 кг

1. Гүлдана Теңгелбаева (Қазақстан)

2. Руслана Махатова (Қазақстан)

3. Айымзада Думанқызы (Қазақстан)

3. Ақмаржан Тұрдажиева (Қырғызстан)

Жасөспірім ұлдар

-81 кг

1. Досбол Балғабай (Қазақстан)

2. Аброр Нұрманов (Өзбекстан)

3. Расул Мұхұм (Қазақстан)

3. Бехрузбек Рустамбоев (Өзбекстан)

-90 кг

1. Хакимджон Махкамов (Өзбекстан)

2. Берікбол Жұманбеков (Қазақстан)

3. Мұхаммадали Пулатов (Өзбекстан)

3. Темірлан Нұрбеков (Қазақстан)

+90 кг

1.Шерхан Алпанов (Қазақстан)

2.Алихан Назымханов (Қазақстан)

3.Алибек Хайытбоев (Өзбекстан)

3. Елнұр Холмуминов (Өзбекстан)

Жастар

Ұлдар:

-60 кг

1. Замохшари Бекмуродов (Өзбекстан)

2. Телжан Сұлтанбай (Қазақстан)

3. Қанат Нұргелді (Қазақстан)

3. Аман Бақытжан (Қазақстан)

-66 кг

1. Жанарыс Рахметқали (Қазақстан)

2. Мұхаммадьахио Мұхаммаджонов (Өзбекстан)

3. Нұрсұлтан Зайзағалиев (Қазақстан)

3. Нұрсұлтан Жұбатқан (Қазақстан)

Қыздар

- 48 кг

1. Севинч Муродова (Өзбекстан)

2. Тасним Абдуали (Қазақстан)

3. Ирина Дубовская (Қазақстан)

3. Нұрайлым Сәрсенбек (Қазақстан)

52 кг

1. Сугдиона Рафкатова (Өзбекстан)

2.Гульхайо Джураева (Өзбекстан)

3. Аружан Ережепова (Қазақстан)

3. Нандин-Ердене Мьягмарсурен (Моңғолия).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия кубогінің алғашқы күні Қазақстан дзюдошылары 5 алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы


Соңғы жаңалықтар