Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгілер арасында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер D тобында Индонезия құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Алдымен Даниэль Тазабеков Кадер Баситхуды 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Заңғар Нұрланұлы Лита Джабандуды 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына екінші ұпайды әперді.

Сосын Заңғар Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында да қарсыластарын қапы қалдырды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын іріктеу сайыстарының ширек финалына жолдама алды.

Ертең қазақстандықтар өз тобында Пәкстанмен ойнайды.

Ширек финал жеребесі 27 сәуір күні кешкісін тартылады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне үздік төрт команда шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар