Қазақстан жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатынан тыс қалды

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің ширек финалдық матчтары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Жапония командасына есе жіберді – 0:2.

Жекелей сында Михаил Мищенко мен Ярослав Пшеничный қарсыластарына жол берді. Жапондықтар жұптық сында кортқа шыққан жоқ.

Сергей Квактың шәкірттері өз тобында Иордания мен Сингапурдан басым түсті. Сосын іріктеу кезеңінің бірінші ракеткасы болып тіркелген Аустралиядан ұтылды – 0:3.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. Жолдамаға жартылай финалға шыққан Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Таиланд командасы ие болды.

Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысып, үздік төрттікке іліккен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті.

Елена Рыбакинаның Майамиде жартылай финалдағы қарсыласы кім екені белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар