Қазақстан жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша алғашқы қадамдарды жасады - Асқар Мамин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша алғашқы қадамдар жасалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет үлкен мәліметтер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

«Жасанды интеллектіге арналған Smart жүйесі Назарбаев Университетінде құрылғанын атап өткім келеді. Жалпы, Назарбаев Университеті дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұлттық жасанды интеллект кластерін дамыту үшін ғылыми-зерттеу орталықтарын құруды жоспарлап отыр», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, ол барлық компаниялар мен мемлекеттік органдарда жасанды интеллект элементтері біртіндеп енгізіліп жатқанын атап өтті.

Шара барысында Асқар Мамин Астана хабы негізінде IT-бағдарламалау мектептері бар екенін айтап өтті. 2019 жылдың қыркүйегінде құрылған инновациялық Айти университеті қазіргі уақытта әлемнің жетекші компанияларымен ынтымақтастық мәселесін қарастыруда.

Алматыда «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтіп жатыр. Бұл шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының, Молдова үкіметінің басшылары мен премьер-министрлері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар