Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 30 °С
USD 343.45 EUR 399.57
RUB 5.52 CNY 51.28
Жаңалықтар

Қазақстан жанжалдарды реттеуде бейтарап бітімгер бола алады - саясаттанушы

2018 жылғы 3 қаңтар 16:25 2001
Бөлісіңіз:
Қазақстан жанжалдарды реттеуде бейтарап бітімгер бола алады - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жанжалдарды реттеуде бейтарап бітімгер бола алады. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне танымал қазақстандық саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков білдірді.

«Іс жүзінде Қауіпсіздік Кеңесінде біз ұсынған тақырыптардан бөлек ағымдық мәселелер де бар. Қазір Америка Құрама Штаттары тарабынан ирандық проблемаға қатысты мәселе көтеріліп отыр. Яғни, бұл қалай болғанда да жаһандық күнтәртіптен назар бұруға түрткі болады. Дегенмен, сөз болатын жанжалдардың басым бөлігі тарихи терең ескі даулар екендігі анық. Әдетте бұл проблемалар араларында әр уақытта да қарама-қайшылық бар үлкен державалар арасында талқыланады. Жаһандық деңгейде қайшылығы жоқ Қазақстан сынды елдер мүлдем жаңа, сапалы оператор және бітімгер рөлінде қатыса алады. Олар - тараптар тұрақтылықты, қиындықтан шығу жолдарын іздеуге мүдделік танытып отырған күрделі жанжалдар», - деді саясаттанушы.

С.Әкімбековтің пайымынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Қазақстанның төрағалығы жанжалдарды реттеу процедурасын ілгерілетудің жаңа жолдарын көре алады. Бұл ретте аталған проблемаларды шешуге жаңа модель мен форматтар әзірлеу барынша маңызды бола түспек. Кипрдегі, Оңтүстік Судандағы жанжалдарды шешуге бейтарап бітімгер қажет. Астанада Сирия жөнідегі келіссөздерді өткізу мұндай көмектің қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан Қазақстан ұсынған күнтәртібі белгілі бір пробелмаларды шешуге көмек бере алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2017-2018 жылдары аралығында Бірікккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүше болған Қазақстан 2018 жылдың 1-31 қаңтары аралығында тарихта алғаш рет аталған кеңестің төрағасы міндетін атқаратын болады. Осыған орай қаңтар айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары жоспарланған.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі,  Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаровтың айтуынша, 18 қаңтарда кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтеді. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады. Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді.


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат