Қазақстан жануарларға арналған вакцина импортынан толық арылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жануарлар вакцинасын әзірлеуді жолға қойып, импорттан толық арылуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бірыңғай оператор құрып, отандық өндірушілерге вакцина жасау үшін мемлекеттік тапсырыс бергіміз келеді. Егер отандық өндірушілер мемлекеттік тапсырыс аясында қажетті көлемде вакцина әзірлей алса, олар Украина, Ресей және Беларусь елінен келетін дәрі-дәрмекті алмастырады. Болашақта импортқа тәуелді болмас үшін «QazBioPharm» холдингті қызметі аясында отандық вакцина өндірісін жолға қойғымыз келеді. «QazBioPharm» халықаралық стандарттарға сәйкес вакцина шығарады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарларға арналған вакцинаның 70 пайызы отандық өнім, қалған 30 пайызы Беларусь және Ресейден сатып алынады.

«Еуропадан жеткізілетін вакциналарға қатысты қымбаттаушылық бар. Оның себебі доллар, еуро бағамының өсуіне байланысты болуы мүмкін. Бізде жануарларға арналған вакцина әкелетін көптеген кәсіпорын бар. Бірақ олар әкелетін вакцина көлемі азайды. Азаюдың себебі импортқа тыйым салуда емес, бағамен байланысты болып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде ветеринария саласын реформалаудың жол картасы бекітілді.


Соңғы жаңалықтар