Қазақстан және Франция қазақстандық футболды бірлесе дамытуға келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев Францияның индустрия және инновация вице-министрі Эрик Бессонмен кездесті.

«Эрик Бессон мырза сонымен қатар Франция чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген «Гавр» (Le Havre Athletic Club) футбол клубының иесі болып табылады. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сөз арасында Эрик Бессон мырза қазақстандық жас футболшыларды даярлау ісінде көмек қолын созғысы келетіндіктерін жеткізді», - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінде.

«Біздің жоғары білікті мамандар Қазақстанға келіп, футболшыларды кәсіби тұрғыда даярлауға әзір», - деді құрметті қонақ.

Өз кезегінде Тастанбек Есентаев француз әріптесіне әуелі «Қайрат» футбол клубымен келісімшарт жасасуды ұсынды. «Бүгінде «Қайрат» ФК-ның базасы Қазақстанда үздіктердің қатарында. Министрлік тарапынан біз ынтымақтастыққа мүдделіміз және барынша жәрдемдесуге дайынбыз», - деп атап өтті вице-министр Т.Есентаев.

Соңғы жаңалықтар