+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстан және ЕО әуе қатынастарын жолға қою мәселелерін талқылады

2020 жылғы 26 қыркүйек 14:59
Бөлісіңіз:
Қазақстан және ЕО әуе қатынастарын жолға қою мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұханның және Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша директоры Люк Девиннің төрағалығымен бейнеконференция режимінде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация құрамына Сауда және интеграция, Энергетика, Индустрия және инновациялық даму, Ұлттық экономика министрліктерін қоса алғанда, ҚР тоғыз мемлекеттік органының өкілдері кірді.

Келіссөздердің басты тақырыптары 2020 жылғы 1 наурызда күшіне енген Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімі (КӘЫК) шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық одаққа мүше елдер арасындағы саяси диалогты, көпжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды нығайту мәселелері болды.


Бейнеконференция барысында ҚР мен ЕО арасындағы сауда, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және адам құқықтары саласындағы диалогтық платформалар желісі бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөнінде нақты пікір алмасылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әуе қатынастарын жолға қою және ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды.

Тараптар «Орталық Азия – Еуропалық одақ» кездесулері шеңберінде өңіраралық ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы аясында жаңа өңірлік жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан – ЕО және Орталық Азия – ЕО желісі бойынша алдағы кездесулер шеңберінде қаралған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

2020 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы тауар айналымы 13,8 млрд АҚШ долларын құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар 2020 жылдың бірінші тоқсанында 1,72 млрд АҚШ долларына жетті. Қазіргі уақытта Қазақстанда еуропалық қатысумен 4 мыңнан астам компания және 2 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын тіркелген. Жалпы сомасы 641 млн АҚШ долларына 17 іске асырылған жоба, сондай-ақ ЕО елдерінің инвесторларының қатысуымен іске асырылатын және пысықталатын жалпы сомасы 8,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 37 инвестициялық жоба бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT