Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдаланады - Президент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ауқымды көмірсутек қоры бола тұра, жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдаланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы көрме тақырыбының әлемнің экологиялық тұрақты дамуымен толық үйлесетінін атап өтті.

«Ол біздің серіктестеріміз бен достарымыз үшін өте маңызды. Көрменің барлық қатысушылары - мемлекеттер, халықаралық компаниялар - таза энергетиканың даму келешегі туралы өз болжамдарын көрсетеді. Қазақстан өзінің ауқымды көмірсутек қоры бола тұра, жаңартылатын энергия көздеріне белсенді түрде ауысады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің айтуынша, мұндай мақсат «Стратегия-2050»-де айтылған.

«Қазақстан 2050 жылға қарай, жаңартылатын көздер арқылы электр энергиясының жалпы көлемінің жартысына жуығын өндіреді. Бір уақытта энергияның жұмсалуы қысқарады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында энергияның жұмсалуы екі есеге қысқарған. 2025 жылға қарай, бұл көрсеткішті тағы 30%-ға қысқарту жоспарланған. Әлемнің көптеген мемлекеттері мен корпорациялары да алдыларына осындай міндет қойып отыр. Мұның барлығын бүгін ашылған көрмедегі бай мазмұнды экспозициялардан көруге болады», - деп атап өтті Президент.

Соңғы жаңалықтар