USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан жаңартылатын энергия көздері үлесін 5 есеге арттырады – Асқар Мамин

2021 жылғы 4 қараша 12:12
Бөлісіңіз:
Қазақстан жаңартылатын энергия көздері үлесін 5 есеге арттырады – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі экологиялық ахуалды жақсарту бойынша Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ Алматы жарықсыз қалды: Әкімдік түсінік берді Бүгін 15 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Жуырда Глазгода өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-саммиті аясында Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күресті қолдайтынын білдірді. Қазақстан Париж келісімін ратификациялап, парниктік газ шығарындыларын 15 пайызға азайту міндеттемесін қабылдады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық деңгейде анықталатын үлес жаңартылып, жаңа Экология кодексін қабылдадық», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3 пайыздан 15 пайызға 5 есе, газ генерациясы есебінен энергияның үлесі – 20 пайыздан 40 пайызға 2 есе артады.

«Көмірден алынатын энергия үлесін 70 пайыздан 40 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай 2 млрд астам ағаш егу арқылы көміртегін сіңіру мүмкіндігі артады. 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер аясында Үкімет энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл және орман шаруашылығы, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қалдықтарды кәдеге жарату бағыттарына баса назар аударып, экономиканың барлық салаларында елеулі реформалар жүргізуді көздейтін стратегиялық құжат әзірлеп жатыр», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT