Қазақстан жаңалықтарын Италияның жетекші ақпараттық агенттігі таратуда

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Италияның жетекші ANSA ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА ақпараттық хабарламаларының базасында Қазақстан жаңалықтарын жариялауды бастады.

«Қазақстан жаңалықтары» айдарының ашылуы 2020 жылдың 23 қаңтарында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі италиялық ANSA ақпарат агенттігімен ынтымақтастық туралы қол қойған меморандумның арқасында мүмкін болды. Ынтымақтастық туралы меморандумға «ҚазАқпарат» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров пен ANSA агенттігінің басқарма төрағасы Стефано де Алессандри қол қойды. Қазақстан жаңалықтары ағылшын тілінде жарияланады. Экономика, бизнес және туризм саласындағы жаңалықтардың бір бөлігі итальян тіліне аударылатын болады.

ANSA - ұлттық және халықаралық іс-шараларды қамтитын Италияның жетекші ақпараттық агенттігі. ANSA биыл өзінің 75 жылдығын атап өтеді. Ақпараттық агенттіктің еліміздің барлық аумағы бойынша 22 жеке кеңсесі бар және өз қызметін әлемнің 74 елінің 80-нен астам қаласында жүзеге асырады. ANSA күн сайын 3000-нан астам жаңалықтар материалдарын, сондай-ақ 700-ден астам фотосуреттер мен бейнелерді таратады. Агенттік итальян тілінде хабар таратудан басқа, ағылшын, испан, неміс, португал және араб тілдерінде жаңалықтар ұсынады.


ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болған мемлекеттік ақпараттық агенттік. Биыл «ҚазАқпарат» ХАА 100 жылдық мерейтойын атап өтуде.


Соңғы жаңалықтар