+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстан жаңа Экологиялық кодекс қабылдауы керек - Мемлекет басшысы

2019 жылғы 12 маусым 12:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан жаңа Экологиялық кодекс қабылдауы керек - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі - көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Жаңадан сайланған Президент ант берген сәттен бастап ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT