Қазақстан жаһандық ұмтылыста көшбасы елге айналды - Пан Ги Мун

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаңартылатын энергия көздеріне жаһандық ұмтылыста көшбасы елге айналды. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының тұсаукесер шарасында Жаһандық жасыл өсім ассамблеясының президенті Пан Ги Мун (Global Green Growth Institute) айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіл әлемде көшбасшылар төмен көмірсутекті экономикаға көшу үшін өз елінің экономикасын трансформациялауға ұмтылады. Біз көптеген ел жүзеге асырған тамаша қадамдарды бақылап отырмыз. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі, «жасыл» экономика үлесі арта түсуде.  ЖЭК-пен байланысты энергетикалық шешімдердің құны дәстүрлі және экологиялық тұрғыда таза емес энергия көздерімен бәсекелес бола алатындай нүктесіне жетіп отыр. Осы орайда, Қазақстан осынау жаһандық ұмтылыста көшбасшы елдердің бірі болып отырғандығын айрықша атап өткім келеді», - деді Пан Ги Мун.

Оның пайымынша, Қазақстанның 2013 жылы әзірленген жас экономикаға көшу тұжырымдамасы Еуропалық одақ өзіне алып отырған бағыттармен толықтай сай келеді. Сонымен қатар, Қазақстан 2050 жылға қарай барлық электр энергиясының 50 пайызын балама энергия көздерінен алу міндеттемесін өз мойнына алып отыр.

«2017 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан Жасыл технологиялар халықаралық орталығы Қазақстанның бүкіл әлем бойынша бұл міндеттемелерге басшылық етуге мүмкіндік беретін жақсы құралға айналарына сенімдімін. Меніңше, біз Қазақстанға бұл бағытта қолдау көрсетуіміз қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, Пан Ги Мун өзі басқаратын Жаһандық жасыл өсім ассамблеясының әлем елдерінің Үкіметтеріне төмен көмірсутекті жасыл өсім саласындағы өзіндік саясатты әзірлеуге және оны жүзеге асыруға көмек беретіндігін айтты.

«Бұл саладағы Қазақстанның көшбасшылығымен әрі бүкіл әлемде қолданылып жатқан белсенді шаралар арқылы және жасыл даму бойынша жергілікті деңгейде шараларды жүзеге асыра отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күресе алатындығымызға сенімім мол. Адамзат ертеректе болып кеткен қиындықтарды еңсере алуы тиіс», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар