Қазақстан жаһандық энергетикалық және көліктік жүйеге тығыз ықпалдасты - Мемлекет басшысы

None
None
;АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Биылғы жылы Қазақстан жаһандық энергетикалық және көліктік жүйеге тығыз ықпалдасты.  

Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты Елбасы Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау үшін қазіргі кезде қолданыстағы энергетикалық бағыттарды кеңейту мен құру бойынша жасалған келісімдер стратегиялық маңызға ие болғанын атап өтті.

Елбасы осы орайда  Каспий құбыры консорциумының тасымалын, сондай-ақ Батыс Қазақстан - Батыс Қытай мұнай құбырының іске қосылуын айтып өтті. Президент сонымен бірге Түрікменстан - Өзбекстан - Қазақстан - Қытай магистралді газ құбырын айта келе, «Жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін арттыруда бұл ауқымды жоба болып табылады», деді.

Елбасының айтуынша, 2014-2015 жылдарға қарай мұнай өндіру көлемін арттыру көзделіп отырғанын, сондай-ақ  батыс бағытын дамыту қарастырылып отырғанын жеткізді.

Елбасының айтуынша, екінші кезектегі «Батыс Қазақстан - Оңтүстік Қазақстан» қазақстандық газ құбырының бір бөлігі Қытай құбырына тоғыспақ. «Бұл біздің ел үшін өте тиімді жоба. Яғни, Жібек жолын жаңғырту», деді Президент. 

Соңғы жаңалықтар