Қазақстан Ыстықкөлдегі күн электр станциясы құрылысына капитал салмақ

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын. Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткен брифингі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жобаның құны – 300 млн доллар. Қасым-Жомарт Тоқаев су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіруді маңызды бағыт ретінде атады.

«Біз трансшекаралық су ресурстары - ортақ байлық екенін тағы бір мәрте атап көрсеттік. Су тапшылығы мәселесі жылдан-жылға күрделеніп келеді. Беделді халықаралық экологиялық ұйымдар осындай болжам жасап отыр. Су келешекте көп болмайды, тапшы болады. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан, Орталық Азия мемлекеттері бірлескен жұмыстарды қолға алуы қажет. Екі елге ортақ өзендер әрдайым жұртты жақындастыра түсуге дәнекер болуы керек. Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды.

Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Шағын форматта өткен кездесуден кейін екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.


Соңғы жаңалықтар