Қазақстан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемені жүзеге асырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қазақстан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемені жүзеге асырды.

Бұл туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми сарапшылық топ жетекшісі Н.Мыңжас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем. XXI ғасыр» Манифесі тақырыбындағы кездесу «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында өтті. Оған «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, облыстық Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері және аталмыш оқу ордасының студенттері  қатысты.

 «Қазақстан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемені жүзеге асырды. Тоқсаныншы жылдары Семей полигонын жабу үлкен тарихи іс болды. Ядролық қаруды одан әрі таратпас үшін төмен байытылған ядролық отынды Қазақстан жерінде сақтау жөнінде бастама көтерілді. Бұл көптеген елдер тарапынан қолдау тауып отыр. Мұның мақсаты - ядролық отынды бейбіт өмір үшін қолдану»,- деді Н.Мыңжас.

Кездесу барысында лаңкестік ұйымдар әлемге қауіп төндіріп отырғандығы, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан елдерін ортақ мақсат үшін күресуге шақыруы - әлем қауіпсіздігі үшін өте қажет екендігі және Елбасының бұл бастамасын әлем қолдап отырғандығы тілге тиек етілді. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы лаңкестікпен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресуі қажет. Ал бұл манифест осы істің бастамасы болмақ. Сондықтан, Қазақ елі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлгісі болуда деген пікірлер айтылды.

Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді. 

Соңғы жаңалықтар