Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселесінде көшбасшы – Ұлыбритания СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли еліміздің ядролық әлеуеті туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстанды тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап 30 жылдан астам уақыт бойы өз болашағын құрып келе жатқан тәуелсіз әрі егемен ел ретінде құрметтейміз. Будапешт хаттамасына қол қолған үш елдің біріміз. Қазақстан егемендігі үшін орасан зор ядролық әлеуеттен бас тартты», – деді Джеймс Клеверли Сыртқы істер министрлігінде өткен ресми кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

«Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселесінде өз көшбасшылығын көрсетіп отыр. Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды ұстаным. Мен Қазақстан Президентінің әртүрлі саладағы реформаларға деген адалдығын жоғары бағалаймын», - дейді ол.

Бұған дейін Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Ұлыбританияның қазақстандық мұнай мен газды экспорттау жолдарын іздеуде көмекке дайын екенін жеткізген еді.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли алғаш рет ресми сапармен Қазақстанға келді.


Соңғы жаңалықтар