+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстан ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммитті өткізуге дайын – Елбасы

2019 жылғы 12 қараша 12:00
Бөлісіңіз:
Қазақстан ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммитті өткізуге дайын – Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өткізуді қайта жандандыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ядролық қаруды таратпау туралы келісім конференциясы қарсаңында бұл құжаттың (Ядролық қарусыздандыру туралы келісім - ред.) негізгі қағидаларын әмбебаптандыру қажеттігін ойластырған жөн. Келісімнен шығу үшін халықаралық жауапкершілік шараларын күшейтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сәйкес қарарларымен нығайту қажет деп есептеймін. Ядролық қаруға тыйым салу келісімі, Ядролық сынаққа тұтас тыйым салу келісімінің тезірек күшіне енуіне ерекше көңіл бөлу керек», - деді Елбасы.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев әр екі жыл сайын ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит өткізу тәжірибесін жандандыруды ұсынды.

«Осы орайда әр екі жыл сайын ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит өткізу тәжірибесін қайта жандандыруды ұсынамын. Қазақстан мұндай саммиттердің бірін өз астанасында қабылдауға дайын. Оған ядролық полигонын жауып, әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық әлеуеттен бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстанның әлем алдында моральдық қақы бар», - деді Тұңғыш Президент.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT