+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстан – ядролық қарусыздану ұранын бірінші болып іс жүзінде орындаған ел – Норвегияның экс-премьер-министрі

2021 жылғы 29 тамыз 16:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан – ядролық қарусыздану ұранын бірінші болып іс жүзінде орындаған ел – Норвегияның экс-премьер-министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегияның бұрынғы премьер-министрі және Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі Кьелл Магне Бондевик Қазақстанның ядролық қаурсыздану қозғалысындағы орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропаға танымал саясаткердің бұл пікірі Норвегияның «Vårt Land» (Біздің жер) газетінде жарияланды.

«Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған тұста ядролық қарусыздану мен конфессияаралық диалогты дамыту мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Қазақстан – ядролық қарусыздану ұранын іс жүзінде сәтті іске асырған алғашқы ел еді. Тәуелсіздік алғаннан соң Кеңес дәуіріндегі барлық ядролық қаруды өз аумағынан шығарды. Кейінірек Қазақстан әлемді ядролық қарудан тазарту ісінде халықаралық деңгейде белсенділік танытты», - деп жазады ол мақаласында.

Сондай-ақ, ол Қазқастанның дінидер арасындағы диалогты дамыту бағытындағы талпыныстарын оғары бағалап, бұл бастамалары алға басу үшін ел ішінде адам құқықтарына басымдық беріле түсуі керек деген ой айтады.

«Қазақстан ұлт пен дінге қатысты қайшылықтарды реттеу ісіне де тәжірибе жинақтап үлгерді. Ел конфессияаралық диалог бойынша жұмысқа белсенді қатысады. Әр түрлі діндердің үйлесім табуы үшін діни бостандық пен адамның басқа да негізгі құқықтарын құрметтеу қажет. Бұл бағытта да Қазақстан алдына үлкен мақсат қойып отыр», - дейді Кьелл Магне Бондевик.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT