Қазақстан вице-аруы ТМД елдерінің ең сұлу 10 аруының бірі атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан вице-аруы ТМД елдерінің ең сұлу 10 аруының бірі атанды. «Қазақстан вице-аруы», «2016 жылғы Астана аруы» Елназ Нұрсейітова «ТМД елдері аруы» байқауында топ жарып, алғашқы 10-дыққа кірді.  

Сондай-ақ, қазақстандық ару ТМД елдерінің фотомоделі атағын жеңіп алды.

Сұлулық байқауы Ереванда өткен. Қазақстандық ару өзінің инстаграмдағы аккаунтында байқау барысындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп отырды. 

«Ұлттық киім киіп шыққанда қатысушы қыздардың бірі шықпай қалды. сол себепті артымыздағы туымыз шатасып кетті», - деді Е.Нұрсейітова.

Айта кету керек, Ереванда өткен байқаудың финалында 23 қыз бақ сынасты. Қазылар алқасында Армениядан 3, қалған елдерден 4 адамнан қазылық етті. Екі аптаға жалғасқан байқауда арулар тек қана сыртқы келбетін ғана көрсетпей, ішкі жан дүниесін де паш етті. Нәтижесінде армян аруы Шушан Ерицян ТМД ең сұлу аруы атанды.

Вот и прошёл конкурс Мисс СНГ,я вошла в Топ 10 красивых девушек СНГ и стала Мисс фотомодель СНГ☺️💃🏻 Спасибо всем моим родным и близким, друзьям 🌸Я всех вас люблю ❤️

A post shared by N U R S E I T O V A (@nurseitovaelnaz) on Jun 7, 2017 at 9:46pm PDT

Соңғы жаңалықтар