Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан велосипед спорты федерациясының Бас хатшысы Тұлпар Мансұров басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Федерация ұжымы оған төрт жыл жемісті қызмет үшін алғыс білдіреді. Бірлесіп күш жұмылдырудың арқасында көптеген мақсаттар жүзеге асырылды, қазақстандық велоспорт үшін бірқатар тарихи оқиғалар өтті», - делінген хабарламада.

Тұлпар Мансұров ҚВСФ Бас хатшысының қызметіне 2016 жылдың 10 ақпанында кіріскен.


Соңғы жаңалықтар