+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді – Олжас Сүлейменов

2019 жылғы 4 қыркүйек 13:43
Бөлісіңіз:
Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді – Олжас Сүлейменов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан үшін сапалы жаңа дәуір туып келеді. Мұндай ұсынысты елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында қазақ ақыны Олжас Сүлейменов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы Алматыда «Үш арыс» кітабының тұсаукесері болды Жазушылар одағының тарихында жүздеген томға жүк болатын тағдырлар шежіресі жатыр - Қырымбек Көшербаев

«Біз жиі кездесе бермейміз. Осыған дейін 1973 жылы, осыдан 40 жыл бұрын Алматыда жүздескен едік. Ол кезде Азия мен Африка елдерінің конференциясы өтті. Күрделі кезең еді. Азия мен Африка елдерінде басқыншылыққа қарсы процестер орын алып жатқан. Қазір біз баяғыдан бері тәуелсіздіктерін алып, оны нығайту жолына түскен Азия елдерінен келген әріптестерімізбен ғана кездесіп отырмыз. Бұл кездесу Қазақстан үшін айрықша уақытта өтіп жатыр. Сапалы жаңа дәуір туып келеді», - деді ол.

Олжас Сүлейменов оған елімізде орын алып жатқан процестер жарқын дәлел бола алатындығын баса айтты.

«Бұл жайында қазіргі уақытта әрбір отбасыда талқыға түсіп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында жан-жақты айтылған. Ол айтқан реформалардың болуы қажетті. Бірақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір де жаңаруы керек. Бұл жайында, жаңа уақыт жайында таяуда ғана Нұрсұлтан Назарбаев тамаша айтып еді. Ол әлемде күштілердің емес, ақылды адамдардың дәуірі туып келе жатыр деп керемет айтты. Мұндай жан-жақты әрі нақты пайымды көптен бері естімеген едім», - деді О.Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, әдебиет ақылды адамдары тәрбиелейді. Ал ақылды адамдар экономиканы көтереді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT