Қазақстан үшін Ресейде жасалған «Жартас» теплоходы Семейге келіп жетті

None
None
АСТАНА-ТОМ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Том облысынан Семейге Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты салған «Жартас» теплоходы келіп жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты» ЖШҚ директоры Виктор Шварц айтты.

«Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты Семей су жолдары кәсіпорнының тапсырысын орындады. 14 мамыр күні «Жартас» теплоходы суға түсірілді. Одан кейін шварттық және жүзу сынақтары өткізілді. 25 маусымда кеме Семей қаласына келіп жетті», - деді В.Шварц телефон арқылы.

Теплоход Ертіс өзенінің жағадағы және судағы жағдайына қызмет етуге, сондай-ақ ішкі су жолдарында кеме жүрісінің тереңдігін бақылау үшін арналған. Ресейлік кәсіпорын Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста. 2014 жылы Атырау су жолдары кәсіпорны үшін «Жайық» теплоходын да Том облысындағы Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты жасаған.

Соңғы жаңалықтар