+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді - Президент

2020 жылғы 15 қаңтар 14:48
Бөлісіңіз:
Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дана халқымызда «Қатарыңның алды бол» деген баталы сөз бар. Бұл игі тілек жастарға ерекше рух беріп, жігерлендіру үшін айтылады. Сіздер іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, шын мәнінде өз қатарларыңыздан оза білдіңіздер. Бірақ мұны, ең алдымен, мемлекеттің өздеріңізге деген зор сенімі деп қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана еместігін, бұл – ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз екенін баса айтты.

«Әр заманда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады. Осылайша ұлтты биікке жетелейтін, жаңаша дамуға бастайтын шоғыр қалыптасады. Жаңа Қазақстан үшін де осындай маңызды әрі жауапты сәт келді деп санаймын. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT