Қазақстан үшін басты басымдық ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету - министр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Газ саласында Қазақстан үшін басты басымдық ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету.

 Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Алайда осы мәселеге байланысты инфрақұрылымдық шектеу бар. Тарихи ахуалға қарасақ, біздің газдың инфрақұрылымы транзитке негізделген. Атап айтқанда, Орта Азиялық газға», деді министр.

Оның айтуынша, бұл тасымалдаушы құбырларда газдың көлемі жылына 100 млрд. текшеметрге жуық. Еліміздің 14 облысының 9-ы жарым-жартылай ғана газбен қамтамасыз  етілген. Осы 9 өңір бойынша газбен қамтамасыз ету тұрғысында мәселелер бар екеніне тоқталған С. Мыңбаев  «мысалы, бүкіл оңтүстік өңірі «Ташкент-Бішкек-Алматы» құбыры бойынша өзбекстандық газға негізделген. Осы орайда газды тұтыну көлемі артатын кезеңде мәселелер туындауы мүмкін», деді.

 Министр еліміздің ішкі нарығына бағытталған газ инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп  отырғандығын айтып өтті.  Осыған байланысты министр «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбыры жобасы оңтүстік өңірлерге арналғанын еске салып өтті.

Соңғы жаңалықтар