Қазақстан уран өнеркəсібінде əлемде көшбасшы екенін дəлелдеді - Ғалымжан Пірматов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы уран өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшы екендігін дәлелдеді. Бұл туралы бүгін АҚХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығының іске қосылу рәсімінде аталған компанияның басқарма басшысы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазатомөнеркәсіп уран өнеркәсібінің әлемдік көшбасшы ретіндегі өз мәртебесін қуаттай отырып, ІРО-ны табысты өткізді және «Астана» ХҚО биржасының литингінен өткен бірінші компанияға айналды. Сіз 1997 жылы Жарлығыңызбен «Қазатомөнеркәсіпті құрған едіңіз. Содан бері компания Сіздің стратегияңыздың, бірнеше мыңдаған ұжымымыз бен шетелдік серіктестеріміздің еңбегінің арқасында теңдесіз трансформациядан өтіп, уран өндіруден әлемдегі нөмірі бірінші компанияға айналды», - деді ол шараға қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Оның сөзіне қарағанда, ендігі уақытта компания акционерлерінің қатарына қазақстандық инвесторлар мен халықаралық инвестициялық қорлар кіріп отыр.

«Біз компанияның жетістіктері мен келешегін акционерлерімізбен бөлісуге және еліміздің игілігі жолында дамудың жаңа кезеңіне шығаруға дайынбыз», - деді Ғалымжан Пірматов.

«Астана» ХҚО Биржасы басқармасының төрағасы Тимоти Беннетт өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіптің» ІРО-ға шығарылуы Қазақстанның экономикалық дамуы үшін маңызды екендігін баса айтты.

«Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» үшін тарихи күн екендігі сөзсіз. Компания әлемдік нарық капиталындағы өз бауырластарымен бірігіп, үздіктердің үздігі бола алатындығын көрсетті. Сонымен қатар бұл инвесторлар үшін ашықтықты, бизнес өсімін қолдау үшін капиталға қолжетімділікті жақсарта түседі», - деді ол.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» акциялары «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасында сатылымға шығарылғанын, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар