Қазақстан уран өндірісінің көлемін ұлғайта ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев елдегі уран өндірісінің көлемі қандай жағдайда ұлғаятынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болжамдарды, уранды электр энергиясын генерациялау үшін алатын энергетикалық компаниялардың сұранысы мен ұсынысын есепке алсақ, біз көбіне атом стансаларының иелері мен операторларына қарайлаймыз. Олардың жағдайы бірқалыпты болуы үшін жаңа кеніштерді дайындап, әзірлейміз», - деді спикер Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» атты халықаралық форумда.

Сондай-ақ, Асқар Батырбаев елде жаңа уран кеніштері ашылуы үшін қандай алғышарттар керек екенін түсіндірді.

«Біз жаңа кеніштерді сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімді негізге ала отырып ашамыз. Сондай-ақ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» өз акционерлеріне келісімшарт портфелінде міндетті түрде көрініс табатындай қосымша құндылық бар екенін көрсе, жаңа кеніштер ашады. Яғни, бізде уран өндірісінің көлемін арттыру туралы келісімшарт пайда болған кезде-ақ соның негізінде өндірісті азайтамыз немесе көбейтеміз», - деді Асқар Батырбаев.


Соңғы жаңалықтар