+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан универсиадасына қатысуға 9 ЖОО ғана өтінім берді

2020 жылғы 10 ақпан 15:49
Бөлісіңіз:
Қазақстан универсиадасына қатысуға 9 ЖОО ғана өтінім берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 ақпан мен 20 наурыз күндері Қазақстанның үш қаласында VIII Қысқы Қазақстан универсиадасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токиодағы Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі Токио-2020: Қазақстандық спортшылардан кімдер 24 шілдеде жарыс жолына шығады Токио-2020: XXXII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды

Биылғы универсиада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналады.


«Мемлекет басшысының Жолдауында бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісін тапсырған еді. Мемлекеттен қаражат бөлінген соң, міндетті түрде жетістік керек дейміз. Ал студенттік спортты жөнге келтірмей, жоғарғы жетістікке жету қиын. Кей спорттан нәтиже көрсету үшін шетелдерден спортшылар әкеліп жатамыз. Легионер әкелетін заман өтті. Осынша уақытта еліміз танымал болды. Енді өз спортшыларымыздың көбейту қажет. Қазақстан Универсиадасы спорттың 5 түрінен өтеді. 20-24 ақпанда Өскеменде қысқы президенттік көпсайыс өтеді. Керлинг – 26 ақпан-7 наурызда Алматыда, қысқы спорттық бағдарлау – 4-9 наурыз күндері Риддерде биатлон мен шаңғы жарысы болады», - деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Садық Мұстафаев елордада өткен брифингте.


Қазақстандық универсиадада топ жарғандар 2021 жылы 21-31 қаңтарда Швейцарияның Люцерн қаласында өтетін ХХХ Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға қатысады.


«Қазақстан Бүкіләлемдік универсиадаға 10 спорт түрінен қатысады. Студент аз қатысатын спорт түрлерінен елімізде жарыс ұйымдастырмай-ақ, чемпионат жеңімпаздарын алып барамыз. Биылғы универсиадаға бар болғаны 9 университет қана өтінім берді. Олар – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан-Америка дербес университеті, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Қысы ұзақ Қарағандыдан, Павлодардан хабар жоқ. Ақмола облысы әлі бір Смирновтың жетістігін айтып келе жатыр. Сондықтан, солтүстік өңірлердегі студенттерді спорттық шараларға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді С. Мұстафаев.


Сонымен бірге, дене шынықтыру мұғалімдеріне өз шәкірттерінің халықаралық жарыстардағы нәтижесі үшін сыйақы беру мақсатында Оқушылар мен мұғалімдердің спорттық нәтижелері базасын құру мәселесі қарастырылуда.


«Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдеріне балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарын ашу туралы ұсыныстар енгізілген.


Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы волейболдан «Қазақстан Студенттер лигасын» ұйымдастырады. Лига 5 кезеңнен тұрады және FIVB халықаралық ережелеріне сәйкес өткізіледі. Алғашқы кезең 2020 жылдың 23 ақпанында басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT