Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылар тізімі жарияланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, Өзбекстанмен матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ-мен ойын үш күннен кейін Әбу-Дабиде өтеді.

Ресейлік маман Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрамаға мына ойыншылар шақыртылды.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (бәрі де - «Тобыл»), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (бәрі де - «Астана»), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко (екеуі де - «Ақтобе»), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де - «Ақтобе»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де - «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Исламхан (клубы жоқ).

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бауыржан Исламханның ел құрамасына шақырту алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар