Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады.

ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.
Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: t.me/KZgovernment

Соңғы жаңалықтар